Ораза айттың қадір-қасиеті ерекше. Бұл туралы Абдулла ибн Масұдтан (р.а.) жеткен хадисте:
«Мүмін пенделер Рамазан айының оразасын толық ұстап, айт күні намазға бет алғанда, Аллаһ тағала періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді қуанышқа кенелсін. Сендер куә болыңдар, оларды жарылқадым»,
– делінген.
Ораза айт мерекесі шәууәл айының бірінші күні басталып, үш күнге созылады.
Ол күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, мешітке – айт намазына хош иісті болып бару – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйсіне жасайтын амалынан еді. Сондықтан да, бұл амал мұстахаб саналады. Continue Reading »
Ассаламу ъалейкум, бауырлар! Бір хабарландыруды сіздерге ұсынып өтпекпіз. Жадыңызда жүрсін: Қадір түні 22:00-ден бастап 02:30-ға дейін төрт жарым сағат бойы Қазақстан ұлттық арнасынан 26-нан 27-ге қараған түні«ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ» атты телебағдарлама тікелей эфирде жүргізіледі.
Бағдарлама төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Мың айдан қайырлы түн», «Ғибадат түні», «Ізгі амалдар» және «Рамазан ғибраттары» деген бөлімдер.
Сонымен қатар сағат 02:30-дан 05:00-ге дейін діни фильмдер көрсетіледі.
1.”Қағбаның тұрғызылуы” (деректі фильм)
2. “Сабыр мен шүкір” (ислами-танымдық бағдарлама)
3. “Меккеге сапар” (деректі фильм)
4.”Гадание глазами мусульман” (телебағдарлама)
Мың айдан да қайырлы болған Қадір түні көрсетілетін осындай бағдарламалардан пайдалы ғибрат аларсыздар деген үміттеміз.
Діни білімнің нашарлығы салдарынан, кейбір адамдар қате ұғымдарға иланып сенеді. Көптеген теріс пікірлерге бой алдырады. Мәселен, бұл түнде әрбір үйді ақ сақалды, аппақ киінген Қыдыр ата аралап жүреді-мыс. Оны таң атқанша күту керек. Егер әлгі Қыдыр атамыз үйге кірсе, оған бар тілегімізді, өтінішімізді, қажетімізді айтып қалуымыз керек екен. Тіпті оның қолын ұстаса, бар арман-тілегіңнің орындалғаны екен.
Ал кейбір адамдардың түсінігі бойынша бұл уақытта есікті, терезені міндетті түрде ашып қою керек. Сонымен қатар үйдегі ыдыстарға су құйып қою керектігін айтады. Continue Reading »
Жалғасы 1, 2
Екі айдан кейін кездейсоқ тігіншімен кездесіп қалдым. Ол Әбдірахманды сұрады. Мен оның қайтыс болғанын айтсам, ол оның есімін қайталайды. Мен: «Ол қайтыс болды» дедім. Ол маған оның машинасын, сөздерін сипаттай бастады. Мен:
- Иә, дәл сол. Ол шынымен қайтыс болды, – дедім. Ол маған тігіп қойған киімдерді берді. Әбдірахманның киімін көріп, тағы да есіме алдым. Ол шынымен өлді ме?! Киімін киімімнің жанына қойдым. Көлікте екеуміз қатар отырушы едік. Бірақ менің өмірім қалды. Бәлкім қолдан берген мүмкіндіктерді қайта қайтарармын. Continue Reading »
Қалайша? – деп сұрадым. Ол мені тастап, үйіне қайтып бара жатқанда, қарсы келе жатқан машинамен соғысыпты. Ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ бүгін түсте жан тапсырыпты. Құлағым естігенге көңілім сенбей тұр. Мен оны қарсы алдымда, иә, дәл қарсы алдымда тұрғандай көріп тұрмын. «Екеуміз пәлен базарға барамыз», – деп келіскенбіз. Ал ертең айт киімін алуға бармақшы едік. Бірақ ағасының: «Ертең түсте жаназасын оқып жерлейміз. Достарыңа хабар беріп қой», – деген сөздері мені ұйқымнан оятып, денемді тітіркендіріп, көзімнен пердені ашып тастады. Істің қалжың емес, шын екеніне көз жеткіздім. Әбдірахманның күні бітіпті. Мен қалшиып қатып қалдым. Басым айналып, ой-пікірім шашырап кетті. Шын мәнінде менде әлі де болса да күдік бар болатын. Сондықтан Әбдірахманның үйіне барып, мән-жайдың анығын білмекші бодым. Көлігіме отырдым. Магнитафонда музыкалы кассета тұр екен. Оны шығарып тастадым. Радиодан Меккедегі тарауих намазы берілуде. Бүкіл денемнен мұздай мұз түйіршіктері жүріп өткендей түршігіп кеттім. Continue Reading »
Рамазан айының соңғы он күні де тәмәмдала бастады. Айт жақындап қалды. Мен жастық шақтан бірге өскен досым Әбдірахманды күтудемін. Қайда барарымызды білмей далмыз. Алайда, әдетте көп уақытымызды әртүрлі жиындарда, түнде базарларды, көшелерді қыдырып тамашалаумен өткізетінбіз.
Көлікте досым Әбдірахманның жанына отырғанымда, ол менен:
- Айт жақындап қалды. Жаңа киім дайындадың ба? – деп сұрады.
- Жоқ, - дедім.
- Онде кеттік тігіншіге барамыз. Бұған қалай қарайсың? – деді. Мен басымды шайқап:
- Айтқа үш-төрт-ақ күн қалды. Оған дейін үлгеріп тігіп беретін тігіншіні қайдан табамыз? – дедім. Менің таңданыспен айтқан сөздерім оған ұнамады. Continue Reading »
Жарапазан өлеңі он бір буынды қара өлең ырғағымен келеді. Тек әр шумақ айтылып болған соң: «Бай Мұхаммед үмбетіне жарапазан, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» деген тілек қайталанып айтылып отырады. Жарапазан айтқанда үйден ырымын алғаннан кейін міндетті түрде бата да береді. Бата жыр түрінде болып келеді де, жақсылық, ізгілік ниет білдіріледі.
Жарапазан
Ораза екі ай тұрмас, бір ай тұрар,
Талпынып бала құстай жылай тұрар.
Намаз бен оразаны күтпей барсаң,
Алдыңнан қос періште сұрай тұрар.
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Намаз бенен ораза үлкен жұмыс.
Намаз бен оразаны күтіп барсаң,
Меккеден жеміс жейсің уыс-уыс. Continue Reading »
Өз басым «Жарапазанды» ешқашан айтып көрмеппін. Бұның дінге қатысты екенін білгенде де таңқалғаным рас. Шығу тарихы жөнінде әзірге қолымда ешқандай мәлімет жоқ. Кішкене кезімде жарапазанды «Үркер» тобының айтқаны есімде. Біздің жақта орыстар көп тұратын. Солар өздерінің діни мейрамында «Сей, сей, посевай!» деп күн батқанда есік алдында күріш шашып, ыңылдап тұратын. Соған қарағанда діни мейрамды халық өздерінше бір ән думанмен қарсы алады деп ойладым. Жарапаз туралы мынадай дерек таптым: Continue Reading »
Рамазан айында сусыз және тамақсыз қалған кезде, Қиямет күнінде келетін аштық пен шөлді ойла. Кедейлерге көмектесіңдер, қарттарды құрметтеңдер, балаларды аялаңдар, туысқандарыңмен тату болыңдар. Жаман сөз айтпаңдар, тыйым салынған нәрсеге қарамаңдар, өздеріңе ұнамайтын сөздерді тыңдамаңдар! Жетімдерге қайырымды болыңдар!
«Рамазан айы – ораза тұтуға жазылған, ол Аллаһқа қымбат. Осы айда анық белгілермен және аяттарымен Қасиетті Құран түскен».
Ораза тұту әрбір бай адам мен қарны тоқ адамды, кедей мен аштың кейпіне кіргізеді. Аштық пен шөл барлық адамдарды теңейді. Ораза түтуды сақтап және аштықты сезініп, Құдайдың алдында осындай жағдайда барлық адамдардың тең екенін, бай адам түсінеді. Ол оны тұрмысы нашар адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өр көкіректік пен астамшылық жасаудан айырады. Исламның бар мақсаты осымен аяқталады – адамдар арасында теңдік пен адалдықты орнату.
Қазіргі заманғы ғылымның белгілегені, ораза тұтудың дене шынығуына да пайдасы сөзсіз. Ораза тұту ауруға қарсы тұру жүйесін де қатайтады, лейкоциттің (қанның жасушасындағы ақ түйіршіктер) функциясының (қызметінің) көрсеткішін он есеге жақсартады; толықсып кетуден және одан кейін де із қалмауын сақтайды, қанда натрийдің көбеюін жоғарылатып, кальцийдің өсуіне кедергі жасайды; асқазан жарасының пайда болуының басты себебі болатын, артық қышқылдың жиналуына кедергі жасайды.
Егер көңіліңізге қонса, біздің деніміз сау және Аллаһ-тағаланың сыйлаған қадамын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар, онда «қамығудың» қандай бөлігі біздің жүрегімізді шарпып өтуі керек, егер біз толықтай өзіміздің күшімізді пайдаланбасақ. Ораза тұтқысы келетін, бірақ әр түрлі себептермен бұл мүмкіндіктерден айырылған, жер бетінде мыңдаған, мүмкін миллиондаған мұсылмандар бар шығар.
Жалғасы мына жерде
Айтуға ұмытып жүр екенбіз. Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, соңына дейін “Құбыла” бағдарламасы әр күні тікелей эфирге шығып жатыр.
Бағдарлама екі радиодан бір мезетте тіклей таралуда.
“Қазақ радиосы” және “Шалқар” радиоларын тыңдап жүрген болсаңыздар, әр күні кешкі сағат 20:30-да “Құбыла” бағдарламасында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасынан келген имамдар және өзге де білімді дінтанушылар сіздердің ораза жөніндегі сұрақтарыңызға тікелей эфирде жауап беруде.
Игі сұхбатты тыңдап, одан нәр алып қалуға асығайық, ағайын!
