Archive for Тамыз, 2008

Аллаһ Тағала айтады: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді…» (Бақара, 185)
Пайғамбарымыз (сас), оның сахабалары және оларға ілесушілер Рамадан айындағы түндерді Құран оқып, оның мағынасына үңілумен өткізуге тырысқан. Сондықтан біздер де осы Құран түскен айды көп Құран оқумен нұрландырайық, бауырлар.
Пайғамбарымыз былай деп [...]

(Атырау облысы бойынша) 2008 жыл – хижраша 1429 жыл

>>Компьютеріңізге сақтап қойыңыз<<

Әбу Һурайра (р.а) Пайғамбарымыздың (с.а.у) былай айтқанын риуаят етеді:
“Рамазан айының бірінші түнінде жын-шайтандар шынжырға байланады. Тозақтың есіктері жабылып, Жұмақтың есіктері ашылады. Әр мұсылманның жүрегінен шыққан дауыс:
-Қайырлы істерді жасап, жаман істерден бас тарт!, -деп үндейді.
Аллаһ бұл түнде Тозақтан көп адамдарды құтқарады. Осылай Рамазанның барлық түндерінде қайталанады.”
Келе жатқан Рамазан мүбәрәк болсын!
Rasulullah.kz

Дарын ұстаздың “Ораза” тақырыбында уағыздары.
Онлайн тыңдау: мында басыңыз

Түсіріп алу:
Audio: Ораза1 (~13 Мб)
Audio: Ораза2 (~15 Мб)
Audio: Ораза3 (~6 Мб)

Қазіргі диетологтар ауыз бекітуді ұзақ немесе қысқа мерзімге тағам мен сусыннан (немесе тек қана тамақтан) толық немесе жартылай бас тарту деп түсіндіреді. Мұндай ашығу ұғымының мұсылманның ауыз бекітуінен жер мен көктей айырмашылығы болса да, екеуінің орны ерікті әлде еріксіз түрде алмасып кеткен.
Медициналық анықтамаларға қарасаңыз, ашығуға байланысты тарауларда «мұсылманның ораза ұстауы» мен «ашығу» ұғымдарын араластырып [...]

Бүгін Азамат ұстаздың ораза жайында уағыздарын шығарып отырмын. 1-2 файл жетіспейді. Сонда да барын тыңдап, ораза жайында аздап білімдеріңізді арттырып, пайда аларсыздар деп үміттенем иншаллаһ
Басқа да осы тақырыпта уағыздар болса, иншаллаһ шығарып тұрарым.

Онлайн тыңдаймын десеңіз, мында басыңыз
Түсіріп алу үшін:
Азамат – “Ораза1″ (~2 МБ)
Азамат – “Ораза3″ (~2 МБ)
Азамат – “Ораза4″ (~4 МБ)
Азамат – “Ораза5″ (~4 МБ)
Азамат [...]

Ең алғаш ораза парыз болатын жылы Шағбан айының (Рамазан айының алдындағы ай) соңғы күндерінің бірінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз сахабаларын жинап алып, Аллаһ Тағаладан уәхи келгенін айтады. Онда ол Жаратушының мұсылмандарға оразаның парыз еткендігін хабардар етіп, былай дейді:

«Ең, адамдар! Сендерге мүбәрәк айдың, яғни Рамазанның келе жатқанын қуанышпен хабардар еткім келеді. Бұл айда Аллаһ Тағала [...]

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен мұсылмандардың Меккеден Мединеге көшуін «һижрат» деп атайды. Осы жылдан бастап мұсылмандардың жыл санауы – һижра басталады. Сол һижраның екінші жылы шағбан айының соңғы күнінде Аллаһ Тағаладан мұсылмандарға Рамазан айында ораза тұту парыз етілді. Сол уақыттан бастап барша мұсылман қауымы жыл сайын Рамазанда 30 күн ораза тұтып келеді.