Archive for Қыркүйек, 2008

Ораза айттың қадір-қасиеті ерекше. Бұл туралы Абдулла ибн Масұдтан (р.а.) жеткен хадисте:
«Мүмін пенделер Рамазан айының оразасын толық ұстап, айт күні намазға бет алғанда, Аллаһ тағала періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді [...]

Ассаламу ъалейкум, бауырлар! Бір хабарландыруды сіздерге ұсынып өтпекпіз. Жадыңызда жүрсін: Қадір түні 22:00-ден бастап 02:30-ға дейін төрт жарым сағат бойы Қазақстан ұлттық арнасынан 26-нан 27-ге қараған түні«ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ» атты телебағдарлама тікелей эфирде жүргізіледі.
Бағдарлама төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Мың айдан қайырлы түн», «Ғибадат түні», «Ізгі амалдар» және «Рамазан ғибраттары» деген бөлімдер.
Сонымен қатар сағат 02:30-дан 05:00-ге [...]

Діни білімнің нашарлығы салдарынан, кейбір адамдар қате ұғымдарға иланып сенеді. Көптеген теріс пікірлерге бой алдырады. Мәселен, бұл түнде әрбір үйді ақ сақалды, аппақ киінген Қыдыр ата аралап жүреді-мыс. Оны таң атқанша күту керек. Егер әлгі Қыдыр атамыз үйге кірсе, оған бар тілегімізді, өтінішімізді, қажетімізді айтып қалуымыз керек екен. Тіпті оның қолын ұстаса, бар арман-тілегіңнің орындалғаны [...]

Жалғасы 1, 2

Екі айдан кейін кездейсоқ тігіншімен кездесіп қалдым. Ол Әбдірахманды сұрады. Мен оның қайтыс болғанын айтсам, ол оның есімін қайталайды. Мен: «Ол қайтыс болды» дедім. Ол маған оның машинасын, сөздерін сипаттай бастады. Мен:
- Иә, дәл сол. Ол шынымен қайтыс болды, – дедім. Ол маған тігіп қойған киімдерді берді. Әбдірахманның киімін көріп, тағы да [...]

Жалғасы
Қалайша? – деп сұрадым. Ол мені тастап, үйіне қайтып бара жатқанда, қарсы келе жатқан машинамен соғысыпты. Ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ бүгін түсте жан тапсырыпты. Құлағым естігенге көңілім сенбей тұр. Мен оны қарсы алдымда, иә, дәл қарсы алдымда тұрғандай көріп тұрмын. «Екеуміз пәлен базарға барамыз», – деп келіскенбіз. Ал ертең айт киімін алуға бармақшы едік. Бірақ ағасының: [...]

Рамазан айының соңғы он күні де тәмәмдала бастады. Айт жақындап қалды. Мен жастық шақтан бірге өскен досым Әбдірахманды күтудемін. Қайда барарымызды білмей далмыз. Алайда, әдетте көп уақытымызды әртүрлі жиындарда, түнде базарларды, көшелерді қыдырып тамашалаумен өткізетінбіз. Көлікте досым Әбдірахманның жанына отырғанымда, ол менен:
- Айт жақындап қалды. Жаңа киім дайындадың ба? – деп сұрады.
- Жоқ, – [...]

Жарапазан өлеңі он бір буынды қара өлең ырғағымен келеді. Тек әр шумақ айтылып болған соң: «Бай Мұхаммед үмбетіне жарапазан, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» деген тілек қайталанып айтылып отырады. Жарапазан айтқанда үйден ырымын алғаннан кейін міндетті түрде бата да береді. Бата жыр түрінде болып келеді де, жақсылық, ізгілік ниет білдіріледі.

Жарапазан
Ораза екі ай тұрмас, бір [...]

Өз басым «Жарапазанды» ешқашан айтып көрмеппін. Бұның дінге қатысты екенін білгенде де таңқалғаным рас. Шығу тарихы жөнінде әзірге қолымда ешқандай мәлімет жоқ. Кішкене кезімде жарапазанды «Үркер» тобының айтқаны есімде. Біздің жақта орыстар көп тұратын. Солар өздерінің діни мейрамында «Сей, сей, посевай!» деп күн батқанда есік алдында күріш шашып, ыңылдап тұратын. Соған қарағанда діни мейрамды [...]

Рамазан айында сусыз және тамақсыз қалған кезде, Қиямет күнінде келетін аштық пен шөлді ойла. Кедейлерге көмектесіңдер, қарттарды құрметтеңдер, балаларды аялаңдар, туысқандарыңмен тату болыңдар. Жаман сөз айтпаңдар, тыйым салынған нәрсеге қарамаңдар, өздеріңе ұнамайтын сөздерді тыңдамаңдар! Жетімдерге қайырымды болыңдар!
«Рамазан айы – ораза тұтуға жазылған, ол Аллаһқа қымбат. Осы айда анық белгілермен және аяттарымен Қасиетті Құран түскен». [...]

Айтуға ұмытып жүр екенбіз. Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, соңына дейін “Құбыла” бағдарламасы әр күні тікелей эфирге шығып жатыр.
Бағдарлама екі радиодан бір мезетте тіклей таралуда.
“Қазақ радиосы” және “Шалқар” радиоларын тыңдап жүрген болсаңыздар, әр күні кешкі сағат 20:30-да “Құбыла” бағдарламасында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасынан келген имамдар және өзге де білімді дінтанушылар сіздердің ораза жөніндегі [...]