Өз басым «Жарапазанды» ешқашан айтып көрмеппін. Бұның дінге қатысты екенін білгенде де таңқалғаным рас. Шығу тарихы жөнінде әзірге қолымда ешқандай мәлімет жоқ. Кішкене кезімде жарапазанды «Үркер» тобының айтқаны есімде. Біздің жақта орыстар көп тұратын. Солар өздерінің діни мейрамында «Сей, сей, посевай!» деп күн батқанда есік алдында күріш шашып, ыңылдап тұратын. Соған қарағанда діни мейрамды халық өздерінше бір ән думанмен қарсы алады деп ойладым. Жарапаз туралы мынадай дерек таптым:

Жарапазан ораза ұсталған рамазан айында ғана орындалады. Жарапазанды еркектер де, балалар да айта береді. Ораза басталып, ауыз бекіткеннен кейін кешке қарай ел ауыз ашып, тамақ ішіп, көңілдері жадырайды. Сол кезде жарапазаншылар үй-үйді немесе ауыл-ауылды аралап, жарапазан өлеңін әнге қосып айтады.

Жарапазанды айту мерзімінің де өзіндік тәртібі бар. Ораза ұсталатын отыз күн бойы үздіксіз айтылмайды. Ең алдымен оразаның бас кезінде үш күн, орта кезінде үш күн және ай аяғында үш күн жарапазан айтылады. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты, әділет пен адалдықты дәріптейді. Негізінен діни сенім арқау болады. Өзіндік сарыны бар.

Ертең, ИншАллаһ, тапқан Жарапазанның мәтінін жариялаймын.


Leave a Comment


You must log in to post a comment.