Жарапазан өлеңі он бір буынды қара өлең ырғағымен келеді. Тек әр шумақ айтылып болған соң: «Бай Мұхаммед үмбетіне жарапазан, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» деген тілек қайталанып айтылып отырады. Жарапазан айтқанда үйден ырымын алғаннан кейін міндетті түрде бата да береді. Бата жыр түрінде болып келеді де, жақсылық, ізгілік ниет білдіріледі.
Жарапазан
Ораза екі ай тұрмас, бір ай тұрар,
Талпынып бала құстай жылай тұрар.
Намаз бен оразаны күтпей барсаң,
Алдыңнан қос періште сұрай тұрар.
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Намаз бенен ораза үлкен жұмыс.
Намаз бен оразаны күтіп барсаң,
Меккеден жеміс жейсің уыс-уыс.
Бұл намаз – бес уақыт бойға міндет,
Құрбанын шалып тұрсаң, ол бір – сүндет.
Намаз бен оразаны күтпей барсаң,
Келеді сұрақ сұрап екі жендет.
Бай адам қажы барса, қылар тауап,
Тауап қылса өзіне үлкен сауап.
Намаз бен оразаны күтпей барсаң,
Бересің ақыретте не деп жауап?!
Пайғамбар үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Әсіре мазан, сайра мазан,
Меккеде, Мединеде тұрар азан.
Ағалар, ерте тұрып шақыр азан,
Бір келген он екі айда ораза иман.
Пайғамбар үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Қыркүйек 16, 2008 at 12:29 тк
wow
men kiwkentai kezimizde dostarimmen auylda kewke karai auyz awar kezinde korwi uilerdi aralap jarapazan aitip tyin jinaitinbiz
al minau bata eken
Қыркүйек 17, 2008 at 5:13 тд
Қазіргі күнде жарапазанды үй аралап айтпайды-ау деймін. Әлде олай емес пе? Соны білгім келеді.
Қыркүйек 17, 2008 at 4:05 тк
auil onirlerinde aytilar mumkin.
birak ozim songi 5-6 jildan beri estigenim jok aitilganin
Қыркүйек 18, 2008 at 12:11 тк
рахмет.
Қыркүйек 23, 2008 at 4:31 тд
zhannur,
қазір жарапазанды рамазан айында айтып жүр біздің үй жақта…
айтта айтпай ма негізі??? әлде қалай?
Қыркүйек 23, 2008 at 5:19 тд
Жарапазан – дін мен ғұрыптың араласып кеткен түрі ғой бұл. Таза діни демеген жөн, алғашқы мұсылмандардың тұсында болмаған. Рамазанды ойын-сауыққа айналдыруға итермелейтін ғұрып десек те болады.
Қыркүйек 24, 2008 at 4:44 тд
Дұрысы – “жарапазан” емес, “жарамазан” болса керек. Таза арабша сөз – “жа Рамазан” (جاء رمضان). “Рамазан келді”, “Рамазан айы туды” – дегенді білдіреді. Қай ғасырда пайда болғанынан хабарым жоқ екен. Бірақ, бір білетінім – Рамазан айы туған шақта, қазақ даласындағы мұсылмандар да қуанатын болған. Өлең айту арқылы қайыр сұраймыз деп емес, Аллаға деген құлшылығымызды көбейтетін болды қой – деп қуанған.
Рамазан айы – мереке айы емес. Рамазан – құлшылық айы. Шығу тегі дұрыс басталғанымен, кейінгі қулар мұны дүние табудың көзіне айналдырып алған болса керек. Елдің үстінен ғана нан тауып жейтін көне сал-серілердің туындысы деп ойлаймын бұл жарамазан айту ісін.
Рамазан айының өзі де, ондағы жасалатын әрекеттердің барлы да – құлшылық аясындағы, яғни діни тақырып аясындағы мәселелер. Ал, діннің атын жамылып дүнияуи әрекет жасауға болмайды.
Тобықтай түйін: Жарамазан – Ислам дініне және Ислам дінін ұстанушы халықтың ұстанымына әр түрлі себептер арқылы кейіннен сіңген бидғаттың (діни жаңалық) бір түрі ғана деп ойлаймын.
Қыркүйек 24, 2008 at 5:08 тд
Жарапазан сөзі – рамазаннан шыққанын бірінші рет естіп таңқалып отырмын. Префикс арқылы жасалған туынды сөз екен ғой. Бірақ неге дыбыс өзгеріп кеткенінтүсіне алар емеспін. Бірақ дәл қазір бұл маңызды емес шығар.
Бастысы Рамазан думандататын емес, құлшылық құлатын ай екенін анық ұқтық.