Рамазан айының соңғы он күні де тәмәмдала бастады. Айт жақындап қалды. Мен жастық шақтан бірге өскен досым Әбдірахманды күтудемін. Қайда барарымызды білмей далмыз. Алайда, әдетте көп уақытымызды әртүрлі жиындарда, түнде базарларды, көшелерді қыдырып тамашалаумен өткізетінбіз. Көлікте досым Әбдірахманның жанына отырғанымда, ол менен:

- Айт жақындап қалды. Жаңа киім дайындадың ба? – деп сұрады.

- Жоқ, - дедім.

- Онде кеттік тігіншіге барамыз. Бұған қалай қарайсың? – деді. Мен басымды шайқап:

- Айтқа үш-төрт-ақ күн қалды. Оған дейін үлгеріп тігіп беретін тігіншіні қайдан табамыз? – дедім. Менің таңданыспен айтқан сөздерім оған ұнамады.

Көлігін зуылдата айдап отырып, тігіншінің есігінің алдына келіп тоқтады. Ол мені өзі танитын тігіншінің алдына жылы сәлемдерімен ерте кірді де:

- Айтқа жаңа киім киіп, қуанайық деп едік, – деді. Тігінші күле қарап:

- Айтқа неше күн қалды? Неге ертерек келмедің? – деді. Әбдірахман саусақтарын бір-біріне жанай ысқылап:

- Бағасын артығымен береміз. Ең негізгісі бүрсігүні дайын болса болды! – деді. Ол тағы да: “Бүрсігүні” деп қайта ескертті. Мен таңданып қарап тұрмын. Ол біраз ақшаны алдын-ала беріп:

- Бүрсігүні, келісімді ұмытып қойма тағы, – деп және ескертті.

Біз таң атқанға дейін уақытты ойнап-күліп, қаперсіз өткіздік. Бір түн түгел осылай өтті. Мүмкін бұл Қадір түні болған шығар. Біз бір рет те Аллаһты еске алмадық. Дәмсіз өмір, дәмсіз бақыт. Күнә есіктерінің барлығын қағып, барлығына кіріп шықтық. Істі есепсіз деп ойладық. Қуаныш пен бақытқа кенеліп, ұйықтамағандықтан ұзақ ұйқыға кетіппін. Таңертеңнен күн еңкейгенге дейін ұйықтаппын. Бірнеше күн ораза ұстағандай сезініп тұрмын. Уақыт өткізу үшін телефонда бос мылжыңдаймын, бірде газет-журналдар оқимын. Ақшам намазының азанын күтіп отырғанымда, кенет телефон шырылдады. Достарымның бірі екен, даусы өзгеше күйде:

- Әбдірахман науқастанып қалыпты, естідің бе? – деді. Мен:

- Жоқ, естімедім. Түнде онымен бірге болдым, аман-есен еді, - дедім. Ол:

- Жоқ, ол науқас екен, - деді. Телефондағы сөз бітті. Мен бұл хабарға шындығы жоқ, жай ғана бос хабар шығар деп мән бермедім. Құптан намазына азан айтылып тұрғанда телефон тағы шырылдады. Әбдірахманның үлкен ағасы екен. «Нені білгісі келді?… Әбдірахман екеуміздің не істегенімізді айтпақшы ма екен?.. Әлде біздің істеген бұзық тірліктерімізді оған біреу жеткізіп қойды ма екен?» – деп күдіктеніп, санам сан саққа жүгірді. Бірақ оның даусы қайғылы, сөздерін үзіп-үзіп:

- Әбдірахман қайтыс болды, – деді. Мен абдырап аң-таң болдым да қалдым. Сенбедім. Оны көз алдымда әлі көріп тұрмын. Сөздері құлағымның түбінде жаңғыруда. (Жалғасы бар)


  1. 666aiko999

    жалғасын күтеміз…

    айт деген керемт мейрам болуы керек . ко мусылмандар үшін, мына оқиғаны оқып отрп, кәдімгідей ойланып қалдым…
    негізі біз саналы түрде мұсылманшылықтан шығып бара жатқан сияқтымыз аха. себебі. жаңа жыл болған кезде жаңа жылда жаңа киіммен отырайықшы деп соған бірнеше киім сатып аламыз да, ал айт… шынмен бірде бір айтқа жаңа киім сатып алмайды екенмін. өз басым. кішкентай кезде шешем жуындырып әдемі киім киіндіріп 1-2 үйе лестіріп барушы еді айттa

  2. Пікір қалдырғаныңа рахмет, Айко.
    Айтқа әдетте жақын достарыма сыйлық сыйлауға тырысамын. Туыс-туғандардың кішкентай балаларына да сыйлық алып, айттап барғанда сыйлаймын.
    Кішкене кезімде айтта үйімізге кісіле айтшылап келіп жататын. Айтты мейрам қылдыра білу өзімізге байланысты.

  1. 1 2. Рамазан айының соңғы 10 күні… « Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

    [...] Қыркүйек 17, 2008 in ХикаяTags: Ислам, Ораза, айт, ақирет, иман, өсиет әңгіме Жалғасы [...]

  2. 2 3. Рамазан айының соңғы 10 күні… « Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

    [...] Хикая, айт, ақирет, иман, өсиет әңгіме Жалғасы 1, [...]




Leave a Comment


You must log in to post a comment.