Жалғасы

Қалайша? – деп сұрадым. Ол мені тастап, үйіне қайтып бара жатқанда, қарсы келе жатқан машинамен соғысыпты. Ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ бүгін түсте жан тапсырыпты. Құлағым естігенге көңілім сенбей тұр. Мен оны қарсы алдымда, иә, дәл қарсы алдымда тұрғандай көріп тұрмын. «Екеуміз пәлен базарға барамыз», – деп келіскенбіз. Ал ертең айт киімін алуға бармақшы едік. Бірақ ағасының: «Ертең түсте жаназасын оқып жерлейміз. Достарыңа хабар беріп қой», – деген сөздері мені ұйқымнан оятып, денемді тітіркендіріп, көзімнен пердені ашып тастады. Істің қалжың емес, шын екеніне көз жеткіздім. Әбдірахманның күні бітіпті. Мен қалшиып қатып қалдым. Басым айналып, ой-пікірім шашырап кетті. Шын мәнінде менде әлі де болса да күдік бар болатын. Сондықтан Әбдірахманның үйіне барып, мән-жайдың анығын білмекші бодым. Көлігіме отырдым. Магнитафонда музыкалы кассета тұр екен. Оны шығарып тастадым. Радиодан Меккедегі тарауих намазы берілуде. Бүкіл денемнен мұздай мұз түйіршіктері жүріп өткендей түршігіп кеттім. Дүние төңкеріліп, қиямет басталып, адамдар өзгеріп кеткендей. Көлігімді бір шетке тоқтаттым да, тыңдадым. Мен Құранды бірінші рет естіп тұрғандаймын. Құнұт дұғасы оқылып жатқанда менің көз жасым имамның көз жасынан да асып түсті. Көз жасымды қарсы алып, қолдарымды көтердім. Бұл дұғалар жүрегімді жаңғыртуда. Мен шынайы тәубемді жарияладым. Мен тәубемді жақсы адамдармен достасумен бастадым. Бақсам, мен ұнатпай, жек көріп, тәкәппарлық танытқан адамдар көз алдымда ең ұлы адамдар болып шықты. Мен келемеждейтін кісілер ең ардақты адамдарға айналды. Мен жардың жағасында екенмін. Бірақ, Аллаһ мені құтқарды. (Жалғасы бар).


Leave a Comment


You must log in to post a comment.