Жалғасы 1, 2
Екі айдан кейін кездейсоқ тігіншімен кездесіп қалдым. Ол Әбдірахманды сұрады. Мен оның қайтыс болғанын айтсам, ол оның есімін қайталайды. Мен: «Ол қайтыс болды» дедім. Ол маған оның машинасын, сөздерін сипаттай бастады. Мен:
- Иә, дәл сол. Ол шынымен қайтыс болды, – дедім. Ол маған тігіп қойған киімдерді берді. Әбдірахманның киімін көріп, тағы да есіме алдым. Ол шынымен өлді ме?! Киімін киімімнің жанына қойдым. Көлікте екеуміз қатар отырушы едік. Бірақ менің өмірім қалды. Бәлкім қолдан берген мүмкіндіктерді қайта қайтарармын.
Біраз уақыттан кейін менің көңілім тынышталып, білмеген бақытқа кенелдім. Жүрегім ашылып, көңілімде тыныштық әрі сабыр пайда болды. Тәубаға келтіргені үшін Аллаһқа шүкірлік айттым. Бірақ… менің тағы бір досым бар, оның жүрек көзі әлі жабық. Күнә тоты басып кеткен. Оны сол күйінде қалдырып қоя беремін бе? Жоқ, ешқашан сол күйінде қалдырып қоймаймын, – деп жеңімді түрдім. Оның алдында тозақ, азап, қорқыныш тұр ғой. Оны солай қалдыруға болмайды. Аллаһ мені тура жолға салды.
Міне кітап, міне кассета. Енді мен оған шынайы насихат етуім керек.
Соңы
(Әбдул Мәлік ибн Мұхаммад әл Қасым, «Үшінші хикая». Редакторы: Нұртай Ерназар)

No Comments Yet