Archive for the 'Пайдалы деректер' Category

Ораза айттың қадір-қасиеті ерекше. Бұл туралы Абдулла ибн Масұдтан (р.а.) жеткен хадисте:
«Мүмін пенделер Рамазан айының оразасын толық ұстап, айт күні намазға бет алғанда, Аллаһ тағала періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді [...]

Діни білімнің нашарлығы салдарынан, кейбір адамдар қате ұғымдарға иланып сенеді. Көптеген теріс пікірлерге бой алдырады. Мәселен, бұл түнде әрбір үйді ақ сақалды, аппақ киінген Қыдыр ата аралап жүреді-мыс. Оны таң атқанша күту керек. Егер әлгі Қыдыр атамыз үйге кірсе, оған бар тілегімізді, өтінішімізді, қажетімізді айтып қалуымыз керек екен. Тіпті оның қолын ұстаса, бар арман-тілегіңнің орындалғаны [...]

Жарапазан өлеңі он бір буынды қара өлең ырғағымен келеді. Тек әр шумақ айтылып болған соң: «Бай Мұхаммед үмбетіне жарапазан, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» деген тілек қайталанып айтылып отырады. Жарапазан айтқанда үйден ырымын алғаннан кейін міндетті түрде бата да береді. Бата жыр түрінде болып келеді де, жақсылық, ізгілік ниет білдіріледі.

Жарапазан
Ораза екі ай тұрмас, бір [...]

Өз басым «Жарапазанды» ешқашан айтып көрмеппін. Бұның дінге қатысты екенін білгенде де таңқалғаным рас. Шығу тарихы жөнінде әзірге қолымда ешқандай мәлімет жоқ. Кішкене кезімде жарапазанды «Үркер» тобының айтқаны есімде. Біздің жақта орыстар көп тұратын. Солар өздерінің діни мейрамында «Сей, сей, посевай!» деп күн батқанда есік алдында күріш шашып, ыңылдап тұратын. Соған қарағанда діни мейрамды [...]

Рамазан айында сусыз және тамақсыз қалған кезде, Қиямет күнінде келетін аштық пен шөлді ойла. Кедейлерге көмектесіңдер, қарттарды құрметтеңдер, балаларды аялаңдар, туысқандарыңмен тату болыңдар. Жаман сөз айтпаңдар, тыйым салынған нәрсеге қарамаңдар, өздеріңе ұнамайтын сөздерді тыңдамаңдар! Жетімдерге қайырымды болыңдар!
«Рамазан айы – ораза тұтуға жазылған, ол Аллаһқа қымбат. Осы айда анық белгілермен және аяттарымен Қасиетті Құран түскен». [...]

Айтуға ұмытып жүр екенбіз. Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, соңына дейін “Құбыла” бағдарламасы әр күні тікелей эфирге шығып жатыр.
Бағдарлама екі радиодан бір мезетте тіклей таралуда.
“Қазақ радиосы” және “Шалқар” радиоларын тыңдап жүрген болсаңыздар, әр күні кешкі сағат 20:30-да “Құбыла” бағдарламасында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасынан келген имамдар және өзге де білімді дінтанушылар сіздердің ораза жөніндегі [...]

Садақа жайлы хадистер
«Беруші қол алушы қолға қарағанда артығырақ. Беретін болсаң, алдымен өз отбасыңнан бастап бер. Садақаның абзалы – дәулетінен жомарттықпен бергені. Аллаһ Тағала өзгелерге қол созуды қаламаған пендені тіленуден сақтайды, ал барына қанағат еткен пенденің барлық қажетін өтейді». (Бұхари, Муслим)
***
«Үстіңгі (беруші) қол төменгі (ашушы) қолдан артық. Өйткені үстіңгі қол – жұмсаушы, ал астыңғы қол [...]

Ораза – тек Ислам дініндегі ғибадат түрі емес. Себебі Құран Кәрімде оразаның алдыңғы халықтарға да парыз болғандығы айтылған. «Ей, иман келтірушілер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгеніндей ораза парыз етілді» Бақара сүресі, 183-аят

Қазіргі уақытта оразаны тұтатын басқа діндегілер кездеседі. Дегенмен Исламдағы ораза мен басқа діндердегі оразаның арасында [...]

Ағылшын тілінен беретін апайдың қаталдығы бәрімізге де ұнамайтын. Тым еркелеп үйреніп қалған біздер үшін қатаң талап қоятын апайдың сабағына қатысқымыз келмейтін. Күн санап ол сабаққа келушілер де азая бастады. Ораза уақыты болатын. Апайдың сабағы дәл ауыз ашатын кезге келетін. Содан сабақ үстінде бір-бірімізге партаның астымен құрма беріп, аузымызды сабақ үстінде отырып ашатынбыз. Бір күні қайта-қайта [...]

Неліктен Пайғамбарымыз ораза ұстағандарға сабыр сақтауға және ұрыс-керістен қашуға бұйрық берді?
Ең әуелі “Дін – ғылымның атасы” (Мұқағали) екенін айта отырып,  бұның  ғылыми астарына үңілуге шақырамын.
Ораза ұстаған адам ызаланғанда, оның бойын ашу сезімі кернеп кетеді немесе ширығып тұрады да, оның қанындағы адреналин құрамы көбейіп кетеді. Егер бұл жағай күндіз болса, астың қорытылуы және сорып алынуы [...]