Archive for the 'Хабарландыру' Category
Ораза айттың қадір-қасиеті ерекше. Бұл туралы Абдулла ибн Масұдтан (р.а.) жеткен хадисте:
«Мүмін пенделер Рамазан айының оразасын толық ұстап, айт күні намазға бет алғанда, Аллаһ тағала періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді [...]
Ассаламу ъалейкум, бауырлар! Бір хабарландыруды сіздерге ұсынып өтпекпіз. Жадыңызда жүрсін: Қадір түні 22:00-ден бастап 02:30-ға дейін төрт жарым сағат бойы Қазақстан ұлттық арнасынан 26-нан 27-ге қараған түні«ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ» атты телебағдарлама тікелей эфирде жүргізіледі.
Бағдарлама төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Мың айдан қайырлы түн», «Ғибадат түні», «Ізгі амалдар» және «Рамазан ғибраттары» деген бөлімдер.
Сонымен қатар сағат 02:30-дан 05:00-ге [...]
Айтуға ұмытып жүр екенбіз. Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, соңына дейін “Құбыла” бағдарламасы әр күні тікелей эфирге шығып жатыр.
Бағдарлама екі радиодан бір мезетте тіклей таралуда.
“Қазақ радиосы” және “Шалқар” радиоларын тыңдап жүрген болсаңыздар, әр күні кешкі сағат 20:30-да “Құбыла” бағдарламасында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасынан келген имамдар және өзге де білімді дінтанушылар сіздердің ораза жөніндегі [...]
Қасиетті Рамазан айында «Қазақстан» ұлттық телеарнасы көрермендер назарына «Ораза қабыл болсын!» атты имандылық телебағдарламасын ұсынады.
Осы рухани тақырыптағы хабар күн сайын кешкі сағат 22:00-де көрсетіледі. Жаныңызды байытып, жүрегіңізге нұр құятын қасиетті құндылықтардан қапы қалмаңыздар!
Егер де, бағдарламаны кешкісін көре алмай қалсаңыз, ол ертесіне түскі сағат 15:30-да тағы бір қайталанады. Оразаға байланысты дайындалған имандылық бағдарламасын жіберіп алмаңыз, [...]
Қасиетті Рамазан айының келуіне де аз ғана уақыт қалды. Осы орайда Ораза жайлы білгенімізбен бөліскенді жөн санап отырмыз.