Archive for the 'Құран' Category

Ораза айттың қадір-қасиеті ерекше. Бұл туралы Абдулла ибн Масұдтан (р.а.) жеткен хадисте:
«Мүмін пенделер Рамазан айының оразасын толық ұстап, айт күні намазға бет алғанда, Аллаһ тағала періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді [...]

Аллаһ Тағала айтады: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді…» (Бақара, 185)
Пайғамбарымыз (сас), оның сахабалары және оларға ілесушілер Рамадан айындағы түндерді Құран оқып, оның мағынасына үңілумен өткізуге тырысқан. Сондықтан біздер де осы Құран түскен айды көп Құран оқумен нұрландырайық, бауырлар.
Пайғамбарымыз былай деп [...]

Ең алғаш ораза парыз болатын жылы Шағбан айының (Рамазан айының алдындағы ай) соңғы күндерінің бірінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз сахабаларын жинап алып, Аллаһ Тағаладан уәхи келгенін айтады. Онда ол Жаратушының мұсылмандарға оразаның парыз еткендігін хабардар етіп, былай дейді:

«Ең, адамдар! Сендерге мүбәрәк айдың, яғни Рамазанның келе жатқанын қуанышпен хабардар еткім келеді. Бұл айда Аллаһ Тағала [...]