Садақа жайлы хадистер

«Беруші қол алушы қолға қарағанда артығырақ. Беретін болсаң, алдымен өз отбасыңнан бастап бер. Садақаның абзалы – дәулетінен жомарттықпен бергені. Аллаһ Тағала өзгелерге қол созуды қаламаған пендені тіленуден сақтайды, ал барына қанағат еткен пенденің барлық қажетін өтейді». (Бұхари, Муслим)

***

«Үстіңгі (беруші) қол төменгі (ашушы) қолдан артық. Өйткені үстіңгі қол – жұмсаушы, ал астыңғы қол – сұраушы». (Бұхари, Муслим) Continue Reading »

Ораза - тек Ислам дініндегі ғибадат түрі емес. Себебі Құран Кәрімде оразаның алдыңғы халықтарға да парыз болғандығы айтылған. «Ей, иман келтірушілер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгеніндей ораза парыз етілді» Бақара сүресі, 183-аят

  1. Қазіргі уақытта оразаны тұтатын басқа діндегілер кездеседі. Дегенмен Исламдағы ораза мен басқа діндердегі оразаның арасында үлкен айырмашылық бар. Оның мәнісі – Исламда ораза һижра жыл санағымен белгілі бір айда (Рамазан айында) келуінде. Аталған айдың әр күнінде таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және әдепсіз қылықтардан тыйылу арқылы ораза тұтылады. Бұл мұсылман күні бойы, яғни күндізгі жұмыс уақытын оразаны бұзатын нәрселерден сақтанып, ауыз бекітумен өткізеді деген сөз. Кейбіреулердің мұсылмандық ораза жеке адам және қоғамның еңбек өнімділігін төмендетеді деп ойлауы осыдан болар. Continue Reading »

Ағылшын тілінен беретін апайдың қаталдығы бәрімізге де ұнамайтын. Тым еркелеп үйреніп қалған біздер үшін қатаң талап қоятын апайдың сабағына қатысқымыз келмейтін. Күн санап ол сабаққа келушілер де азая бастады. Ораза уақыты болатын. Апайдың сабағы дәл ауыз ашатын кезге келетін. Содан сабақ үстінде бір-бірімізге партаның астымен құрма беріп, аузымызды сабақ үстінде отырып ашатынбыз. Бір күні қайта-қайта сағатқа қарағыштап отырған бізді байқап қалған апай, сумкасынан бір қорап құрма алып шығып: “Оразаларың қабыл болсын, мынамен ауыз ашыңдар. Маған да сауап керек” – деп күлімсіреп тұр. Бұндайды күтпеген біз аңтарылып, апайдың қолынан құрманы не аларымызды, не алмасымызды білмей біраз абдырап қалдық. Ақыры бір қорап құрма бүкіл аудиторияны шарлап кетті. Осы оқиға біздің апайға деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертті. Енді сол құрмамен ауыз ашудың құпиясына тоқталайын. Continue Reading »

Қасиетті Рамазан айында «Қазақстан» ұлттық телеарнасы көрермендер назарына «Ораза қабыл болсын!» атты имандылық телебағдарламасын ұсынады.

Осы рухани тақырыптағы хабар күн сайын кешкі сағат 22:00-де көрсетіледі. Жаныңызды байытып, жүрегіңізге нұр құятын қасиетті құндылықтардан қапы қалмаңыздар!

Егер де, бағдарламаны кешкісін көре алмай қалсаңыз, ол ертесіне түскі сағат 15:30-да тағы бір қайталанады. Оразаға байланысты дайындалған имандылық бағдарламасын жіберіп алмаңыз, ағайын!

Неліктен Пайғамбарымыз ораза ұстағандарға сабыр сақтауға және ұрыс-керістен қашуға бұйрық берді?

Ең әуелі “Дін – ғылымның атасы” (Мұқағали) екенін айта отырып,  бұның  ғылыми астарына үңілуге шақырамын.

Ораза ұстаған адам ызаланғанда, оның бойын ашу сезімі кернеп кетеді немесе ширығып тұрады да, оның қанындағы адреналин құрамы көбейіп кетеді. Егер бұл жағай күндіз болса, астың қорытылуы және сорып алынуы бұзылады. Continue Reading »

Аллаһ Тағала айтады: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді…» (Бақара, 185)
Пайғамбарымыз (сас), оның сахабалары және оларға ілесушілер Рамадан айындағы түндерді Құран оқып, оның мағынасына үңілумен өткізуге тырысқан. Сондықтан біздер де осы Құран түскен айды көп Құран оқумен нұрландырайық, бауырлар.
Пайғамбарымыз былай деп айтқаны жеткен: «Аллаһтың кітабынан кемінде бір әріп оқыған адамға бір сауапты іс жазылады, ал бір сауапты іс үшін он еселеніп қайтады. Және де «Әлиф, лям, мим» – бір әріп деп айтпаймын, жоқ, «әлиф» – ол бір әріп, «лям» де бір әріп, «мим» де бір әріп.» (ат-Тирмизи)
Бухари және Муслим хадистер жинағында Жәбрейл періште Рамаданның әр түнінде пайғамбарымыз Мұхаммадпен (сас) Құран оқып, үйренгендері жайында хабарлар жеткен.
• Егер мұсылман күндіз ораза ұстап, түнде Құран оқитын болса, ақыретте оны қорғап, тозақтан құтқаруын сұрайтын оның екі жақтаушысы болады. Олар – оразасы мен Құран. Хадисте келеді: «Ораза мен Құран Аллаһтың құлы үшін ақыретте арашаға түседі. Ораза айтады: «Йа, Аллаһ! Мен оны күндіз тамақ пен сусыннан тидым, сондықтан оған шапағат етуінді сұраймын» Ал Құран айтады: «Мен оның түнгі ұйқысын бұздым, сондықтан оған шапағат етуінді сұраймын». Сөйтіп олардың өтініштері қабыл етіледі.»
Рамадан басталысымен имам Малик барлық ғылымдарды тастап, Құран оқуға кірісетін болған. Және имам Суфьян ас-Саури де солай істеген
• Имам Бухари Рамаданда Құранды өте көп оқитын болған. Ифтар басталар кезге дейін оқып: «Құранды түгелмен оқып бітіргендегі дұға жауапсыз қалмайды» деп айтатын.
• Бұрынғы өткен кейбір ғұламалар (Аллаһ оларға разы болсын) ішінде түнгі Қиям намаздарында Құранды үш күнде, жеті, он күнде басынан аяғына шейін оқып бітіретіндер болған. (Құран оқып білмейтіндерге: Құранды түскен тілінде – арабша оқып, транскрипциясыз жаттау үшін күш-жігеріңізді жинап арабша әліппені үйреніп бастаңыз деп кеңес берер едік)
Ия, әпке-қарындас, бауырлар, Құранға бар назарымызды аударып, оны көбірек оқып, тыңдап, мағынасына ой жүгіртумен оған жақындай түсейік және соған сай амал ете бастайық.
Барлығымызға да ақырет күні Аллаһ біздің күнәмізді кешіріп, тозақтан құтқарғанша бізге арашаға түсетін шапағатшы керек емес пе?
Сондықтан қазірден бастап Аллаһ сөзін оқып, оны түсінуге амал жасай бастайық.
Үйіңізде Құранның арабшасы жоқ болса, не сіз көп жолда жүретін болсаңыз, сізде интернетке шыға алатын ноутбук, КПК болса, мына сайт өте тамаша: QuranFlash

Бұл сайтта сіз керек бетке нөмірін жазып өте аласыз, керек джузді таңдай аласыз, виртуалды лупа пайдалануға болады және басқа жақсы функциялары бар. Басқа кітапқа ауыстыруға мүмкіндік бар, құранның басқа шрифтте жазылған түрлері, тафсирі, арнайы түспен жазылған таджуид ережесімен,… т.б. Және барлық кітапті оригинал күйінде оқисыз.
Ал үнемі интернетке шығып тұра алмасаңыз, Continue Reading »

(Атырау облысы бойынша) 2008 жыл – хижраша 1429 жыл

>>Компьютеріңізге сақтап қойыңыз<<

Әбу Һурайра (р.а) Пайғамбарымыздың (с.а.у) былай айтқанын риуаят етеді:

“Рамазан айының бірінші түнінде жын-шайтандар шынжырға байланады. Тозақтың есіктері жабылып, Жұмақтың есіктері ашылады. Әр мұсылманның жүрегінен шыққан дауыс:

-Қайырлы істерді жасап, жаман істерден бас тарт!, -деп үндейді.

Аллаһ бұл түнде Тозақтан көп адамдарды құтқарады. Осылай Рамазанның барлық түндерінде қайталанады.”

Келе жатқан Рамазан мүбәрәк болсын!

Rasulullah.kz

Дарын ұстаздың “Ораза” тақырыбында уағыздары.

Онлайн тыңдау: мында басыңыз


Түсіріп алу:
Audio: Ораза1 (~13 Мб)
Audio: Ораза2 (~15 Мб)
Audio: Ораза3 (~6 Мб)

« Алдыңғы бетКелесі бет »